Жамбыл облысының полиция қызметкерлері қызметтік көлікте әйелді босандырып алды (видео)
Жамбыл облысында орналасқан полиция департаментінің күзет полициясына тиесілі батальонның қызметкері жолда әйелді босандырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тамыздың екінші жұлдызында Сәлімбаевтар отбасы Қордайда орналасқан перзентханаға бара жатқан. "Алматы-Ташкент" көшесінің 183-і километрінде көлік бұзылып, ерлі-зайыптылар жол ортасында тоқтауға мәжбүр болады. Көмекке күзет полицисының аға лейтенанты Т. Сейімбетов пен Б. Наурызбаев келеді. Екеуі қызметтік көлікке жұбайларды отырғызып, перзентханаға қарай жолға шығады. Бірақ перзентханаға жеткенше әйелдің толғағы қысып, көліктің салонында ұл бала дүниеге келеді. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бала мен ананы перзентханаға алып кетті.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”