Жамбыл облысында жасөспірім бейнеролик түсіру үшін әкесінің көлігін айдап кеткен
Жамбыл облысында бейнеролик түсіру үшін әкесінің автокөлігін айдап кеткен 15 жастағы жасөспірімнің ата-анасы жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

15 жастағы жасөспірім демалыс күні бейнеролик түсіру үшін әкесінің Honda автокөлігін айдап кеткен. Кейін ол көліктің жылдамдығын асыра айдап, видеоға түсірген. Ал бейнежазбаны желіге жариялаған.
“Оның ата-анасы ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді”, – делінген хабарламада.
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті