Жамбыл облысында шенеунік орынбасарының орнын ақшаға сатпақ болды
Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысын ұстады.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров онлайн брифингінде айтты.
«Департамент басшысы бұл қызметке тағайындалуына көмектескені үшін орынбасарынан 2 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Тараз қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіні үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы ретінде санкция берді. Тергеу жалғасуда», - деді ол.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді