Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында депутат нан бағасын 500 теңгеге көтеруді ұсынды

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мейрамбек Дөненбаев ауылшаруашылығы өнімдері бағасын өсіруді ұсынды. Халық қалаулысының сөзінше, нан 500 теңге болуы керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Депутат қазір нан тым арзан дейді. Оның сөзінше, ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдаудың басты тетігі – бағаның өсуі болуға тиіс. 

“Шынымды айтсам, нан өте арзан. Нанның құны 500 теңгеден кем болмауға тиіс. Мен өзім ауылшаруашылық тауарын өндірушімін. Менің бидайым қазір 100 теңгеден де өтпей жатыр, – деді Мейрамбек Дөненбаев.

Журналист депутатқа “мұны халықтың қалтасы көтереді деп ойлайсыз ба” деген сұрақ қойды. 

“Көтереді, әбден көтереді. Қазір кез келген тойханада, кез келген қоқыста тек нан жатады. Өзім нанды 110-120 теңгеден алып жүрмін, сүтті 300-350 теңгеге аламын”, – деді ол.  

Депуататтың сөзінше, сонда ауылдың жағдайы жақсарады.

Доненбаевтың әріптестері бұл пікірге мүлдем келіспейді. Мәслихат депутаты Бақытжан Қалымбетовтің айтуынша, дотациялық облыстарда нан 120 теңге тұрады. Ал халық қалаулысы Жұмахан Еркебаев нанның 500 теңге болғанына қарсы.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында ірі сауда нысандары мен жергілікті дүкендерді тексеру кезінде саудагерлердің әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын негізсіз көтеріп жібергені анықталды. Ақтөбе облысының әкімдігі болған жағдайға қатысты пікір білдіріп, 17 кәсіпкер жауапқа тартылғанын мәлімдеді.

 

Талқылау