Су тасқыны кезінде азық-түліктің бағасын көтерген 17 кәсіпкер жауапқа тартылды
Ақтөбе облысында ірі сауда нысандары мен жергілікті дүкендерді тексеру кезінде саудагерлердің әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын негізсіз көтеріп жібергені анықталды. Ақтөбе облысының әкімдігі болған жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi
“Жүргізілген мониторинг барысында кәсіпкерлер төтенше жағдайды пайдаланып, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтергені анықталды. Бұл кәсіпкерлік субъектілеріне ескертулер мен айыппұлдар түрінде әкімшілік жазалар қабылданды. Қазірг 204-бап, 4-тармақ бойынша (ӘМАТ-қа сауда үстемесінің асып кетуі) 17 сауда субъектісі жауапқа тартылып, оның ішінде 2 субъект төтенше жағдай жарияланған аудандарда болғаны анықталды. Бұдан басқа, аудандардағы тағы 4 дүкен иесіне қатысты әкімшілік істер қаралып жатыр”, – деді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев.
Су тасқыны кезінде бүкіл өңір бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді. Рейдтік іс-шаралар ірі сауда объектілері мен үй маңындағы дүкендеріне де жүргізіледі.
Бұған дейін Омбы қазақтары Петропавлға 55 тонна гуманитарлық көмек жіберген еді.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?