Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді – Үкімет тізім жариялады
ҚР премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев министрліктерге екі күн ішінде су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындардың бүлінген немесе жоғалған бірінші қажеттіліктегі мүліктерін өтеу алгоритмін әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото ТЖМ
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай мүліктің тізіміне мыналар кіреді:
- азық-түлікті сақтауға және дайындауға арналған заттар;
- тамақтануға арналған жиһаз заттары;
- ұйықтауға арналған жиһаз бөліктері;
- азаматтарды ақпараттандыру құралдары;
- сумен жабдықтау және жылыту құралдарының заттары.
Жергілікті атқарушы органдар бюджет пен бюджеттен тыс қаражаттан өтемақы төлейтін болады.
Бұған дейін ҚР Үкіметі су тасқынынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттен қандай көмекке сене алатыны туралы жадынама жариялаған болатын.
Бұдан басқа, Қанат Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша екі күн ішінде үлкен судан зардап шеккен егістік жер иелері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылық көмек көрсету алгоритмі әзірленбек.
Еске салсақ, Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар көмек алуға өтінішті смартфон арқылы бере алатынын хабарлаған едік.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды