Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаманқұловтың жұбайы: Мұның бәрі кімнің тапсырысы екені белгілі

Тұңғышбай Жаманқұловтың жұбайы Дәрия Жүсіп ikerim.kz басылымына сұхбат беріп, соңғы уақытта елді шулатқан оқиға жайында айтып берді. Ол өмірлік серігінің арының таза екеніне сенетінін айтты. Жаманқұлов мән-жайдың басын ашу үшін баспасөз конференциясын өткізуді жоспарлаған болып шықты. Алайда денсаулық жағдайына байланысты мұны кейінге шегерген. Қазіргі таңда Тұңғышбай Жаманқұлов ауруханада жатыр.

ZwAolrIFcsE

«Бүгінгі таңда біздің басымыздан өтіп жатқан оқиға маған төзімділікті, сабырлылықты үйретіп жатыр. Бірақ менде сенім бар! Мен шындықтың түбі ашылатынына және шындықтың салтанат құратынына сенемін. Жарымның ары таза. Оны мен ғана емес, бүкіл халық біліп отыр. Сондықтан қазір халықтың тілеуімен ғана отырмыз деуге болады. «86-ның желтоқсанында алаңға шыққанда басыма шоқпар тигенімен, арыма дақ тимеген еді, мұншалықты қудалау, қиянат көрмеген едім…» деп күйіп отыр… Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай көп кештерге, мерекелерге дайындық болып жатыр ғой, сол мерейтойлардың бел ортасында отырады деп сенемін», – дейді Дәрия Жүсіп.

Жаманқұловтың жұбайы болып жатқан оқиғалардан балаларының хабарсыз екенін айтты. «Мұндай ауыртпашылықты көтеруге олар әлі тым жас» дейді абзал ана.

Дәрия Жүсіп Тұңғышбай Жаманқұловтың сенгіш адам екенін алға тартты.

«Қандай мықты болса да, сеніп қалатыны бар. Ақылдылығы, парасаттылығы, жауапкершілігі жөнінде мен айтпасам да, жұрттың бәрі біледі.

…Осылай жақсы жұмыс істеп келе жатқанда мұндай жағдайдың орын алғаны өкінішті. Бұл да сынақ шығар. Біз оны сынақ деп қабылдап жатырмыз. Осы жасқа келіп, мұндай қиындыққа кезігеміз деп ойлаған емеспіз. Бұл біз үшін өте қиын кезең, соңғы бір ай оның он жыл өмірін алды. Ең күйетінің – келісімшарттардан бастап, барлық құжаттар, барлық есеп-қисап заңгерлердің, есепшілердің қатысуымен жүзеге асқан. Келісімшартта да, ешқандай құжатта ол кісінің қолы жоқ. Келісімшартты жасайтын арнайы адамдар бар, қаражаттарды да солар жұмсайды, солардың жіберген кемшіліктерінен, қателіктерінен туған мәселе. Көке тек идеяның авторы. Солай бола тұра, жала жауып, мойнына іліп жатыр. Мұның бәрі кімнің тапсырысы екені белгілі, халық «желдің қай жақтан соққанын» білмей отырған жоқ… Жала жабу, күйе жағу оңай, ол күйеден құтылу қашанда қиын болған… Қазақ ұлты Алаш арыстарын ақтап алғанша 70 жылдан астам уақыт кетті емес пе?.. Дегенмен, «аққа – құдай жақ», құдайдың құдіреті өте күшті, бәрін өз орнына қояды… Құдайға қалай сенсем, көкенің адалдығына солай сенемін, түбінде шындық жеңетініне де солай сенемін!» – деп мәлімдеді ол.

Естеріңізде болса, Тұңғышбай Жаманқұлов ақша жымқырды деген айыппен ұсталған болатын. Актер өз кінәсін толықтай мойындап, кеткен шығынды өтеуге уәде еткен. Осының алдында ол президентке видео үндеу жолдап, араша түсуін сұраған еді. Жаманқұлов ақша жымқыру дерегін және оның өз жеке басына жұмсалғанын мойындаған. Сондай-ақ, ол өзін қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш те түсірген. Одан кейін танымал актер ұрланған 6 миллион теңгені мемлекетке қайтарып берді.

Жіберіп алмаңыз:

Татуласқан Жұлдызай мен Тука сахнада бірігіп өнер көрсетпек

Танымал сазгер 91 тобының әніне «жоғары», Қайрат пен Төреғалидің әніне «төмен» баға берді

Қайрат Нұртас елбасыға арнап ән айтты

Баян Есентаева ваннада түскен суретін жариялап таңғалдырды

Талқылау