Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұңғышбай Жаманқұлов ақша жымқырды деген күдікпен ұсталды

Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бюросы «Феникс» көркем фильмін түсіруге арналған бюджеттік қаражатты жымқырған факті бойынша танымал актер Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталды.

23667_b0

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Тергеу «Қазақфильм» АҚ фильмнің бастапқы әзірлік және дайындық кезеңдеріне «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС-ға 79 млн теңге бөлгенін анықтады. Оның 69 млн теңгесін оның құрылтайшысы болып табылатын «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС арқылы картинаның бас продюсері Т. Жаманқұлов ұрлаған.

Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақша қосалқы мердігерлік ұйым арқылы Т. Жаманқұловқа беріліп отырған. Сондай-ақ «Қазақфильм» АҚ-ның экономика және қаржы басқарушы директоры Г. Ысқақова және атқарушы продюссер Н. Юдина ұрлыққа қатысқаны дәлелденді.

Олар сот санкциясымен тұтқындалды. Осы жылы 2 қарашада көрсетілген қаржыны ұрлады деген күдікпен Т. Жаманқұлов ұсталды.

Бұған дейін “Феникс” фильміне байланысты Тұңғышбай Жаманқұлов пен мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамдеиұлының арасында дау туындаған еді. Көп ұзамай Жаманқұлов жетекшілік ететін театр қайраткерлері одағынан театр басшылары жаппай шығып кеткен болатын.

Оқи отырыңыз:

Ел арасында бит 500 теңгеден сатылып жатыр

Оңтүстік тұрғыны ойламаған жерден екінші әйел алып, екі әйелімен бір төсекте жатып жүр

Галстукты әдеттегіден ерекше әрі сәнді етіп байлай аласыз ба (фото)

Үйірін қорғаған айғыр мотоцикл мінген жігіттерге сес көрсетті (видео)

Талқылау