"Жалғыздық Аллаға ғана тән": Әуелбекова үшінші рет тұрмыс құру туралы айтты
Екі некесі сәтсіз аяқталған Мөлдір Әуелбекова тағы тұрмыс құруы мүмкін екенін жасырмайды. Әнші көпшілікті мазалаған сауалға жауап берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Екінші күйеуімен ажырасқан соң, әнші ерлер қауымына деген сенімінің төмендегенін айтқан еді. "Енді жүрегім тас әрі қола" деген Мөлдір оны жібітетін адамның барына күмән келтірді. Алайда уақыт өте келе ол ойынан айныған ұқсайды.
Үшінші рет тұрмыс құру туралы сауалға әнші:
"Жалғыздық Аллаға ғана тән", – деп жауап берді.
Бұдан бөлек, өнер иесі шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті. Ол қарамағындағы "Назар" тобын сататынын хабарлады.
"Назар тобы" жобасын сатамын. Алуға ниет болса, хабарласыңыздар. Себебі жобамен айналысуға қолым тимейді", – деді Әуелбекова.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты