Ерке Есмахан: Күйеуге шығуды армандамаймын, шыққым да келмейді
Ерке Есмахан жеке өміріне қатысты сауалға жауап берді. Әнші күйеуге шыққысы келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ерке A.Z-мен айырылысқалы желідегі фолловерлері оны әріптестерімен жұптастырады. Алайда бірінші некесі сәтсіз аяқталған әнші енді қайта тұрмыс құру туралы ойламайды екен.
"Мені күйеуге шығарып, не істемекшісіздер осы? Мен күйеуге шығуды армандамаймын, шыққым да келмейді. Біраз уақыт өтсін, мүмкін ойым өзгерер", - деді ол.
Сондай-ақ, әнші Ерке Есмахан болу қаншалықты қиын екенін түсіндірді.
“Қайтейін, қайтейін. Ерке Есмахан сахнаның тренд, бренд, хит, хайптың адамы. Оңай емес оған. Ал мен жай ғана Еркемін, оған ұқсамаймын”, – деп жазды ол.

Алматы облысында жүзге жуық ит асыраған ер адамды өлтіріп кеткен
Жануарларды қорғаушылар ер адамның желке тұсынан оқ атқанын айтты
Тұтқындарды босату бойынша ел тарихындағы алғашқы операция: Өлім жазасына кесілген қылмыскерлер бүтін автобусты қалай басып алды
Операция болған кезде Қазақстан тәуелсіздік алғанына бірнеше ай ғана болған