"Жалғыз ұлы қасында еді": Танымал вайнер Мейіржан Төребаевтың отбасындағы демалысы аяқталды
Қаржы пирамидасын жарнамалады деп күдікке ілініп, 5 жылға сотталған Мейіржан Төребаев үйінен колонияға оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/dana_yesseyeva/
Айта кетейік, әзілкеш 10 күнге демалыс алып, Павлодар түрмесінен Алматыға келген еді.
“Мейіржанның қысқамерзімді демалысы басталды. Бұл заң бойынша қарастырылған. (113-бап “Мекеме аумағынан тыс жерге шығу”) Балалардың қуанышында шек жоқ. Мейіржан істі болғанда кенже баламыз енді сөйлей бастаған еді. Енді әкесіне көп сұрақ қойып жатыр. Ал үлкендері оның қайта Павлодарға кететінін түсініп, үнсіз құшақтап отыр. Онда Мейіржан "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жұмыс істейді. Кешке мекемеге оралады. Бастысы, анамыздың жүрегі тынышталды. Аз уақыт болса да, жалғыз ұлы қасында", – деген еді блогер.
Отбасына оралып, анасының денсаулығына алаңдаған актердің демалысы аяқталып, колониясы орналасқан Павлодар қаласына кетті. Оның демалыс уақыты 17 мамыр мен 27 мамыр аралығында болды.
Еске салайық, Төребаев пен Шерниязов Қылмыстық кодекстің 217-бабы "Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару" бойынша кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысы бес жыл бас бостандығынан айырылды. Ал қалған айыпталушылар 8 жылдан 14 жыл арқалады.