Жалғас Жұмағұлов грэпплингтен Америка чемпионы атанды
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Америкада грэпплингтен NAGA турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

UFC тұжырымының экс-спортшысы Жалғас Жұмағұлов АҚШ-та оқу жаттығу жиынын өткізіп жүріп, грэпплингтен NAGA турнирінде өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. 70-75 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда америкалық Рэймонд Пэйджден басым түсті. Осылайша Жалғас Жұмағұлов грэпплингтен Солтүстік америкалық грэпплинг қауымдастығының (NAGA) чемпионы атанды.
Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов соңғы екі жекпе-жегін Naiza тұжырымында өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен еді. Осы жеңістен кейін отандасымыз қайтадан UFC-ге оралуы мүмкін екендігін айтты.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен

