Жалаңаш емес Жалағаш, КазЦИК – Асқар Тоқпанов: Алматыда екі елді мекеннің атауы өзгертілді
Алматы облысындағы екі елді мекеннің атауы өзгерді. Олардың бірі Іле ауданындағы КазЦИК ауылы Асқар Тоқпанов деп ауыстырылса, Кеген ауданындағы Жалаңаш ауылдық округі енді Жалағаш ауылдық округі болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет ашық дереккөздерден алынған
Бұл шешім облыс әкімдігі мен мәслихатының ашық нормативтiк құқықтық актiлер порталында жарияланған. Шешім бойынша КазЦИК ауылы енді Асқар Тоқпанов болып, Жалаңаш ауылы Жалағаш деп аталатын болады.
Бұған дейін Алматы облысында 10 елді мекеннің атауы қазақшаланған.
Еске салсақ, елімізде басқа да облыстарда елді мекен атаулары өзгертілгендері болды. Мәселен, бұған дейін Ақмола облысындағы Еленовка ауылының атауы "Самалтау" болып өзгергенін хабарлаған болатынбыз.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған