Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыдағы Бөкетов университетінде үш студенттен туберкулез анықталды

оооооо
Фото: Freepik

Қарағандыдағы академик Е.А Бөкетов атындағы зерттеу университетінде туберкулез ауруы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 10 студенті туберкулезбен ауырды деген ақпарат тарады. 

"Ешкім ештеңе айтпай ма? Карантин енгізу керек қой! Тағы қанша студент ауырып, бір-біріне жұқтырып жүр? Карантин де, дұрыс дезинфекция да жоқ!" — деп жазды желі қолданушысы.

комент
Фото: Әлеуметтік желіден

Оқиғаға университеттің өзі де үнсіз қалмады. Осы жағдайға байланысты Е.А Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ университеті де әлеуметтік желіге пікір білдірді. Өз жауабында, туберкулезбен ауырған он емес, үш студент екенін мәлімдеді.

“Эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде аталған жағдайлардың өзара байланысы жоқ екені анықталды. Науқастар бір-бірімен байланыста болмаған. Олардың екеуі басқа өңірлерден келген, біреуі жергілікті тұрғын”, – деп мәлімдеді университет басшылығы.

Сөз соңында университет аурудың қалай таралатынын жайлы да түсініктеме берді.

“Аурудың таралу қаупі, ең алдымен, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адаммен жабық жерде ұзақ уақыт әрі жақын байланыста болған жағдайда туындайды. Жағдай Университет басшылығының бақылауында. Санитариялық қызметтердің ұсынымдарына сәйкес қабылданып жатқан уақытша нысаналы шараларды қоспағанда, оқу үдерісі штаттық режимде жалғасып жатыр”, – деп жауап берді.

Сөз соңында Университеттің және уәкілетті органдардың ресми ақпаратына ғана сүйенуді, сондай-ақ тексерілмеген мәліметтерді таратпауды талап етті.

Ислам Әден
Жұма, 25 Қыркүйек, 2026 16:02