"Жақсы сақталдым": 47 жастағы Баян Алагөзова бояусыз түрін көрсетті
Танымал продюсер Баян Алагөзова бояусыз, фильтрсіз суретін жариялап, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп жазады Stan.kz.
Мақсатқызы өзін еліміздегі ең сұлу арулардың қатарына жатқызбайды. Десе де:
"Сұлу бикеш емес шығармын, бірақ 45+ жасыма жақсы сақталғанмын. Тек мұрнымның үстіндегі кішкентай безеу көңілді түсіріп тұр, бірақ ол шығып қойды.
Ал кетпейтін бояудан – қас пен жоғарғы қабақ татуажы ғана бар. Айтпақшы ернім өзімдікі, үлкейтілген еріндерді ұнатпаймын", – дейді ол.
Күннің ыстығы әсер етті ме, әлде басқа ма, продюсер бір аптадан бері көңілі құлазып жүргенін айтады. Шынайы түрін миллиондарға жариялап жіберуінің құпиясы да осында:
"Жалпы менің көңіл күйім жоқ, бір апта үйден шықпадым және әзірге шығу жоспарымда жоқ. Болып тұрады... Сондықтан да өзім жайлы шындықты (әзірге сыртқы) жария етуді жөн көрдім.
"Ақыл тоқтататын уақытың келді": Ашық көйлек киген Кәмшат Жолдыбаева оқырмандарын ашуландырды
Орта жастағы кризис сияқты. Айтпақшы алғашқы кризисті 36 жаста басымнан өткердім. Қызықтың бәрі артта қалды деп жылағаным есімде. Негізінде керісінше болып шықты, 36-да барлығы енді басталып жатты".
Продюсердің бояусыз фотосы қызу талқыға түсті. 9 сағатта 65 мың "лайк" жинап, 3 мыңға жуық жан пікір білдірді. Басым бөлігі жағымды.
"Ой, басқалардан айырмашылығыңыз жоқ екен", "Шынайы және сұлусыз, әйтпесе макияжбен бәрінің түрі бірдей", "Қарапайым қазақ қызы", "Сұлусыз, менімен жасты екенсіз, өте жақсы сақталғансыз", "Сіз кез келген мезгілде, кез келген жерде бояусыз да әдемісіз", – деп жазды оқырмандар.