Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақының бір бөлігіне жер учаскелерін сатып алуға бола ма?

Қазақстандықтарға жинақталған зейнетақы қаражатын жер учаскелерін сатып алуға пайдалануға рұқсат етіле ме? Бұл сұраққа "Отбасы" банкі жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысында ауыл әкімі 659 млн теңгенің жерін үлестіріп берген

"Ережелерде жер учаскесін сатып алу туралы айтылмаған. Жер учаскесін сатып алу тек тұрғын үй салу мақсаты шеңберінде қамтамасыз етіледі. Егер сіз жер учаскесін сатып алып, үй салуды жоспарласаңыз сатып алу құжаттарын, сондай-ақ архитектуралық-жоспарлау тапсырмасын, ГАСК-ның рұқсатын ұсынасыз, бірақ сіз жер учаскесін бөлек сатып ала алмайсыз", - деді "Отбасы" банкінің аймақтық даму жөніндегі директоры Рахиля Балтабаева.

23 қаңтарда «Отбасы Банкі» зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтінімдер қабылдауға арналған онлайн-платформаны іске қосты. Өтініш берер алдында сізде қолданыстағы мерзімімен жарамды ЭСҚ болуы керек. "Отбасы Банкі" зейнетақы жинақтарын алу үшін комиссия төлемейтіні атап өтілді.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарда "Отбасы банкі" зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша онлайн-платформаны іске қосатыны хабарланған, онда қазақстандықтар өз өтінімдерін қалдыра алады.

Өтініш бергенге дейін қолданыстағы ЭЦҚ болуы қажет.

"Отбасы Банкі" зейнетақы жинақтарын алу үшін комиссия алмайды.

Талқылау