ERG қазақстандық өндірушілерден 1,3 триллион теңгеге тауарлар мен қызметтер сатып алды
Eurasian Resources Group Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылған импортты алмастыру бағдарламасының қорытындысын шығарды. Бағдарлама елішілік құндылықты дамытуға және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған. 2025 жылы Топтың жалпы сатып алулары 1,8 трлн теңге межесінде болса, соның 1,32 трлн теңгесіне қазақстандық мердігерлерден тауар, жұмыс пен қызметтер сатып алынған.
Соңғы жылдары ERG кәсіпорындары жалпы құны 55,7 млрд теңге болатын 74 офтейк-келісімге қол қойды. Келісімдер отандық өндірушілердің өнімдеріне тұрақты сұраныс қалыптастырып, өндіріс көлемін арттыруына мүмкіндік берді. Бұл қатарда 12,3 млрд теңгеге темір жол техникасы мен жабдықтарына қосалқы бөлшектер сатып алу, 8,4 млрд теңгеге жару жұмыстарына қажетті құралдар алу, 5,7 млрд теңгеге электр пештерінің трансформаторларын сатып алу, 2,5 млрд теңгеге ротор экскаваторларына шөміштер сатып алу, 1,4 млрд теңгеге сорғыларға қажетті қосалқы бөлшектер сатып алуды атап айтуға болады.
Бұдан бөлек, ERG қазақстандық тауар өндірушілермен жалпы сомасы 196 млрд теңгеге 951 ұзақмерзімді келісімшарт жасасқан. Топтың жалпы сатып алуларындағы қазақстандық үлес 52%-тен 63%-ке жетті.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы біз үшін жай ұран емес, нақты өндірістік міндет. Елішілік құндылықтың әрбір пайызы Қазақстандағы жаңа өндіріс орындарын, жұмыс орындарын және елде қалатын технологияларды білдіреді. Біз отандық өндірушілерге жыл сайын жүздеген миллиард теңгені құрайтын нарыққа шығуға мүмкіндік бердік. Қазақстанда өндіріс ашып, оны дамытуға ниетті кәсіпкерлерге тұрақты тапсырыс бере аламыз", – деді ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Кудрәт Шамиев.
Осындай, өндірісті жергілікті жерде жолға қоюдың жарқын мысалы – ERG Service ЖШС. 2025 жылы серіктестік мамандары 94,3 млрд теңгенің өнімі мен қызметтерін ұсынды. Атап айтқанда: энергетикалық және тау-кен көлік жабдықтарын, құю жабдықтары мен машина жасау қондырғыларын жөндеген.
Одан бөлек, ERG алюминийдің Қазақстанда өңделуін дамыту үшін отандық өндірушілерге оны Лондон металдар биржасындағы (LME) котировкалардан 5% төмен бағамен беріп отыр.

ERG бағдарламаны бірнеше бағытта дамытуды көздеп отыр. Атап айтқанда тоқсан сайын Топ кәсіпорындарында жеткізушілерге арналған “ашық есік күндері” өткізіледі. Мемлекеттік органдармен кездесулер, Қазақстанның Даму банкі және екінші деңгейлі банктермен бірлесе отырып, (ҚР “Өнеркәсіп саясаты туралы заң” аясында) офтейк-контракттарды қаржыландыру механизмдерін әзірлеуді көздеп отыр.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді