Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақы қорының бір бөлігін алу үшін өтініш қабылдау ертең басталады

Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова қазақстандықтар нақты қай уақыттан бастап зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы өтініш бере алатын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз бағдарламаның басталуын күтіп жүргендерге ертең сағат 9.00-ден бастап өтініш қабылдайтынымызды айтамыз. Сенбі күннен бастап қабылдаймыз. Демалыс күндері де өтініш бере аласыздар", - деді ол Ибрагимова ОКҚ брифингінде.

23 қаңтарда "Отбасы Банкі" зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтінімдер қабылдауға арналған онлайн-платформаны іске қосты. Өтініш берер алдында сізде қолданыстағы мерзімімен жарамды ЭСҚ болуы керек. 

Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға өтініш бере алатын сайт ашылғанын да айтып өтті. 

"Сайттың атауын алғаш рет айтайын отырмын. Ол - www.enpf-otbasy.kz . Бұл біздің БЖЗҚ-мен бірлесе атқарған жұмысымыз. Сондықтан сайт атауында өзара белсенді жұмыс істеген екі органды пайдалануды жөн көрдік. Қазір оған кірсеңіз, "Сервис 23 қаңтарда сағат 9.00-ден бастап жұмыс істейді" деген жазу тұрады. Сервистер қазір толық дайын. Ережелер кеше шыққандықтан, біз өтінімдердің барлық формасын қайта тексеріп шықтық. Оның ішінде шектеулерге байланыстысы да бар", - деді "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова ОКҚ онлайн-брифингінде.

Сондай-ақ, банк басшысы порталдың жұмыс істеу механизмін түсіндірді.

"Порталдың жұмыс тәртібі мынадай: сіз өтініш бересіз, шектеулер (туыстан сатып алу, 5 жылдық шектеу т.б.) нормативтік құжаттарда... "өтініш беруші клиенттен" деген сізге порталда дайын күйде шығады. Сіз тек ЭЦҚ арқылы қол қоясыз. Сондықтан бұл біздің тексеріс күніміз. Ертең клиенттерге қолайлы болуы үшін сенбіде - демалыс күні бастаймыз", - деді Ләззат Ибрагимова.

Еске сала кетейік,  "Отбасы банкі" зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша онлайн-платформаны іске қосатыны хабарланған, онда қазақстандықтар өз өтінімдерін қалдыра алады.

Өтініш бергенге дейін қолданыстағы ЭЦҚ болуы қажет.

"Отбасы Банкі" зейнетақы жинақтарын алу үшін комиссия алмайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр