Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісуда трактор 11 жастағы қызды қағып, оқиға орнында көз жұмды

оооооо
Фото: Бейнероликтен үзінді

Жетісу облысы, Текелі қаласында жол жөндеу жұмыстары жүргізіп жатқан трактордың астына түскен 11 жасар қыз көз жұмды. Бала оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қайғылы жағдай 3 қараша күні болған. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Трактор жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын, соның ішінде жол жөндеу жұмыстары кезінде жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік талаптарының сақталғанын анықтап жатыр

Еске сала кетейік, Ақмола облысында жеңіл көлік жолдағы жұмысшыларды қағып, бір адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі жұмысшы ауруханаға жеткізілді.

Ислам Әден
Сәрсенбі, 04 Қараша, 2026 16:25