Жетісу облысындағы мектептерде дәрі-дәрмек пен медициналық қызметкерлер болмаған

Жетісу облысының Ақсу ауданындағы мектептерде денсаулық сақтау стандарттары бұзылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық прокуратура оқу орындарындағы жүйелі құқық бұзушылықтарды анықтады. Прокуратураның мәліметінше, кейбір мектептердегі медициналық пункттерде қажетті дәрі-дәрмектер мен құрал-жабдықтар болмаса, кейбірінде оқушылар саны белгіленген талапқа сай болғанына қарамастан, штаттық медициналық қызметкерлер болмаған.
Оқыңыз"Нәтижесінде 3000-нан астам баланың уақтылы медициналық көмек алу құқығы шектелген, бұл Конституция мен заңнама нормаларын тікелей бұзады. Қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды, ал жауапты органдар анықталған заңбұзушылықтарды жою шараларын қабылдап жатыр", – делінген прокуратура хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында оқушылар шамамен бір ғасыр бұрын салынған ескі мектепте оқып жүргені туралы жазған едік.
Қазақстанда декрет төлемдері неге кешігеді және мемлекетте шынымен қаржы жетпей ме?
Қазақстанда 12 миллион адамның тек 4 миллионы ғана ай сайын әлеуметтік аударымдар төлейді
Трактористен ұлт сөзін сөйлеген тұлғаға дейін: Мұхтар Шаханов кім және қандай ісімен есте қалды (видео)
Еңбек жолын қарапайым тракторист болып бастаған