Алматыда ер адам жаңбыр суы толған арыққа құлап мерт болды

Видеодан скриншот
Алматыда ер адам арыққа құлап мерт болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға кезінде ол мас болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам құбырға құлап түскен. Құбырдың толып қалғаны туралы хабар алған коммуналдық қызметкерлер сол кезде мәйітті анықтады.
Алдын ала мәліметтер бойынша ер адам мас болып, жаңбыр кезінде арыққа құлап кеткен.
Алматы полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, мас ер адам тепе-теңдік ұстай алмай, арыққа құлап кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болған", – деді полиция.
Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Қазақстанда декрет төлемдері неге кешігеді және мемлекетте шынымен қаржы жетпей ме?
Қазақстанда 12 миллион адамның тек 4 миллионы ғана ай сайын әлеуметтік аударымдар төлейді
Трактористен ұлт сөзін сөйлеген тұлғаға дейін: Мұхтар Шаханов кім және қандай ісімен есте қалды (видео)
Еңбек жолын қарапайым тракторист болып бастаған
Оқыңыз