Жапония жағалуында жойқын жер сілкінісі болды: Елге цунами қаупі төніп тұр
Фото: Reuters /Issei Kato
Бүгін Жапонияның солтүстік-шығыс жағалауында 7,4-7,5 магнитудалық жойқын жер сілкінісі тіркелді. АҚШ Геологиялық қызметі эпицентрдің Мияко қаласынан шығысқа қарай теңізде, 35 шақырым тереңдікте орналасқанын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жапония метеорологиялық агенттігі жер сілкінісінен кейін цунами қаупі төніп тұрғанын ескертті.
Билік өкілдері толқын биіктігі 3 метрге дейін жетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Ескертуге сәйкес, цунами Ивате, Аомори және Хоккайдо жағалауларында болу мүмкін.
Билік жергілікті тұрғындарды шұғыл түрде бұл жерден кетіп, биік жерлерге көтерілуге кеңес берілді. Жер сілкінісінің дүмпулері Токио қаласында да сезілді, ал Аомори өңірінде жоғары жылдамдықты пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат түскен жоқ. Санаэ Такаити жедел әрекет ету тобын құруды тапсырды, ал компаниялар инфрақұрылымға келуі мүмкін залалдарды тексере бастады.
Шошқа тұмауы Қазақстанға жетті: Неден сақтану керек
Дәрігер: "Қызу көтеріліп, бұлшықеттер мен буындардың ауырады"
Қолдан көлік аларда нені ескеру керек? Автосарапшы қазақстандықтар жіберетін қателікті айтты
Сарапшының сөзінше, көліктің бағасы нарықтағы орташа құнынан едәуір төмен болса, оның себебін анықтаған жөн
