Димаш Құдайберген мен Виктория Булееваның арасындағы химия көпті тәнті етті

Димаш Құдайберген тағы да әлем назарын аударды. 18 сәуірде Будапешттегі MVM Dome аренасында өткен Virtuosos жобасы аясында өткен ерекше кеште әлемдік музыка жұлдыздары бір сахнада тоғысты. Кештің басты тұлғалары – аңызға айналған Пласидо Доминго мен қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайберген болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Концерт барысында опера баритоны Пласидо Доминго көпшілікке жақсы таныс классикалық туындыларды орындаса, Димаш әртүрлі жанрдағы шығармаларымен көрерменді тәнті етті. Ол “Махаббат бер маған”, “Ұмытылмас күн”, “Дүрдараз” әндерін шырқап, “Stranger” композициясында қобыз үнімен ұлттық реңк сыйлады. Ал “Show Must Go On” әнін ерекше драматизм мен тереңдікке толы қойылым ретінде ұсынды.
Кеш толық симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтіп, оған Лист пен Барток атындағы сыйлықтардың лауреаты, дирижер Петер Пейцик жетекшілік етті.
Кештің ең жарқын сәттерінің бірі – Димаш пен Пласидо Домингоның “O Sole Mio” әнін бірге орындауы болды. Бұл дуэт көрерменге шынайы музыкалық мереке сыйлады.
Концерттің шарықтау шегі Димаш Құдайберген мен украиналық әнші, “Голос Казахстана” жобасының қатысушысы Виктория Булееваның дуэті болды. Екеуі атақты “The Phantom of the Opera” композициясын шырқап, еуропалық көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Ал Виктория Булеева қазақстандық әншімен бір сахнада өнер көрсету арманы болғанын жасырмады. Ол осы сәтті бес жыл күткен көрінеді.
“Опера елесі” менің репертуарымда бұрыннан бар. Мен оны “Қазақстан дауысы” жобасында орындадым, сондықтан бұл шығарма мен үшін өте ерекше. Бұл жай ғана вокалдық тұрғыдан күрделі туынды емес – бұл музыкадағы нағыз драматургия. Шынын айтсам, “Голосқа” қатысқан кезімнен-ақ осы композицияны бір күні дәл Димашпен бірге орындасам ғой деген ой ішімде жүретін. Ал Будапешттегі орындауға келсек, мен үшін бұл қайталау емес, осы шығарманың мүлде жаңа қырынан ашылуы болды”, – деді ол.
Кеш соңында Пласидо Доминго, Димаш Құдайберген, Елена Дудочкина және Пласидо Доминго кіші “Besame Mucho” әнін квартет болып орындап, Будапешттегі мыңдаған көрерменге ұмытылмас әсер сыйлады.
ОқыңызАйта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің шоуы бір тәулікте 102 миллион қаралым жинап, рекорд орнатқаны хабарланған еді.
Voice Beyond Horizon халықаралық музыкалық жобасының тұсаукесері Қытайда ұлттық деңгейдегі оқиғаға айналды. Шоу алғашқы 24 сағатта 102 миллион қаралым жинап, елдің теле және цифрлық рейтингтерінде көш бастады.
Қазақстанда декрет төлемдері неге кешігеді және мемлекетте шынымен қаржы жетпей ме?