104 млрд теңге инвестиция, AI-агенттер және сыйлыққа берілетін телефондар – Beeline қазақстандықтардың өмірін қалай жақсартып келеді

2025 жылы Beeline Қазақстан цифрлық телеком-оператор моделіне қарай тағы бір қадам жасап, қазіргі таңда корпоративтік орталығы мен бизнес-вертикальдары бар технологиялық холдингке айналды.
Қазақстандықтар бізге сенім артуын жалғастырып келеді: 11,8 млн мобильді абонент байланыс операторы ретінде Beeline-ды таңдады. Біздің цифрлық өнімдерімізді 13 млн пайдаланушы қолданады.
Абоненттік база мен трафик тұтыну көлемі артқан тұста қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету үшін компания желінің қамту аумағын кеңейтуді, байланыстың қолжетімділігі мен таралу деңгейін бүкіл Қазақстан бойынша арттыруды жалғастырып келеді. Өткен жылы оператор желісінде 500 жаңа базалық станция пайда болды. LTE желісі бұрын кең жолақты мобильді интернет болмаған, 180 мың тұрғыны бар 240 жаңа ауылға жеткізілді. 2025 жылы компанияның күрделі шығындары (CAPEX) 104 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш жыл сайын дәстүрлі түрде артып келеді және компанияның желіні дамыту мен байланыс сапасын жақсарту жолында атқарған жұмыстарын айқын көрсетеді. Соңғы алты жылда компания 430 млрд теңгеден астам инвестиция салды.


Стационарлық интернетті дамыту өзекті бағыт болып қала береді: көптеген қалаларда GPON талшықты-оптикалық желісі белсенді жүргізіліп келеді. Бұл – оптикалық кабельдің пәтерге тікелей тартылуын қамтамасыз ететін технологиялық шешім, ол үй интернетін жылдамырақ әрі тұрақты етеді. Мысалы, Өскеменде 820-дан астам үй, ал Риддерде 2 250-ден астам үй GPON-ға қосылды. Жалпы алғанда, 2025 жылы бұл технологияға 300 000-нан астам жеке және көпқабатты үйлерд қосылды. Бүгінгі таңда Beeline ұсынатын тұрақты немесе үй интернеті 2,5 миллион отбасы үшін қолжетімді.
Бұдан бөлек, қалалардағы сигнал сапасын жақсарту үшін компания қос мақсатты тіректер (ҚМТ) санын арттыру бойынша жұмыс жүргізді.
Қос мақсатты тірек – бұл қалалық инфрақұрылымның бөлігі болып табылатын бағана. Ол бір мезгілде көшелерді жарықтандыру және базалық станция қызметін атқарады. Осындай шешімнің арқасында, тұрғындар радиофобияға байланысты классикалық базалық станцияны орнатуға қарсы болған жерлерде байланыс орнатуға мүмкіндік туады.
2025 жылдың соңына қарай елде 5 тірек жұмыс істеп тұр, ал 50-ден астамын 2026 жылы іске қосу жоспарланды.
Beeline жаңартылатын энергия көздерімен жұмыс істейтін алғашқы базалық станцияны іске қосты: күн панельдері мен жел генераторы орнатылған алғашқы мұнара Астана-Көкшетау тас жолының бойында жұмыс істеп тұр. Бұл шешім электр қуаты жоқ шалғай өңірлер мен жол бойындағы байланыс мәселесін шешуге септігін тигізеді. Технологияны сынақтан өткізу барысында энергия көздерінің қолайсыз ауа райына төзімді екені және тұрақты сигналмен қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.

Өртті ерте анықтау мақсатында Orman AI жобасы аясында 103 жаңа мұнара орнатылды. Бұл жоба аясында антенна-мачталық құрылғыларға орман алқаптарын тәулік бойы бақылайтын ақылды камералар қойылған. Олар өртті тіркеген бойда кезекші қызметкерге белгі түсіп, өрт сөндіру тобы ошақты жоюға аттанады.
Негізгі көрсеткіштер:
2025 жылы Beeline абоненттері 2 479 136 терабайт интернет-трафик жұмсады. 2025 жылы абоненттер айына орта есеппен 25 гигабайт интернет пайдаланды, бұл 2024 жылы абоненттер орта есеппен пайдаланған 21 гигабайттан жоғары. Бұл ретте қазақстандықтар гигабайттарды тек өздері жұмсап қоймай, жақындарына да сыйлады. 2025 жылы "Гигабайт сыйла" функциясы арқылы 45 375 612 гигабайт сыйға тартылды!
Интернетті ең көп қолданған аймақтар – Жамбыл және Түркістан облыстары, мұнда көрсеткіш 30 күн ішінде 30 ГБ-қа дейін өсті. Ал рекордтық көрсеткіш – 35,6 гигабайт Арыс қаласында тіркелді.


Ұялы байланысты ең көп пайдаланған өңірлер – Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстары. Мұнда бір пайдаланушыға айына 4,9 сағат сөйлесу уақытынан келеді. Ел бойынша орташа көрсеткіш – 3,1 сағат. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен бір сағатқа аз.
2025 жылы Beeline абоненттері байланыс қызметтерімен бірге сыйлыққа смартфон ала бастады. 90 000-нан астам пайдаланушы біздің байланыс қызметтерімізді пайдаланғаны үшін жаңа смартфонды тегін алды. Тағы 170 000 адам шағын қосымша төлем жасап, келісімшарттық ұсынысты пайдаланды.
AI-сараптаманы дамыту және стратегиялық серіктестіктер
Beeline холдингінің IT-компаниясы – QazCode Орта Азияда алғашқы болып корпоративтік AI-агенттерді жасауға арналған Aventa платформасын іске қосты. Бұл шешім агенттерді компаниялардың жұмыс процестеріне енгізуге мүмкіндік береді: агенттер ішкі деректер мен API-ге қосылып, тапсырмалардың мән-жайын түсінеді және HR-сұраныстарға жауап беруден бастап, құжаттарды талдау мен ішкі сервистерді қолдауға дейінгі дайын бизнес-сценарийлерді орындайды.
QazCode америкалық MeetKai AI-компаниясымен серіктестік орнатты: компаниялар бірлесіп, 150 миллионнан астам пайдаланушыны қамтитын бес елде жергілікті тілдік модельдер мен AI-сервистерін жасайтын болады. Жоба әр нарық үшін жергілікті тілдер мен коммуникация ерекшеліктерін түсіне алатын модельдерді әзірлеуді қарастырады. Халықаралық шешімдердің мұндай тілдер үшін әзірге тиімділігі төмен, сол себепті әзірге мемлекеттік қызметтерде, медицинада, корпоративтік сервистерде және басқа да маңызды салаларда қолданылуын шектеп отыр.

“Қазіргі уақытта біз жаңа AI-өнімдерін жасаумен қатар жинақтаған тәжірибемізбен, сараптамамызбен басқалармен бөлісе аламыз. Мысалы, UrduLLM моделін жасап жатқан әріптестерімізге қолдау көрсеттік. Біз MeetKai компаниясымен бірлесіп, VEON тобы жұмыс істейтін бес елде – Қазақстан, Өзбекстан, Украина, Пәкістан және Бангладеште жергілікті тілдерге бейімделген агенттік AI-сервистерін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл білім беру және медициналық сервистерден бастап, агротехнологиялар мен Aventa сияқты VEON тобы қызмет көрсететін барлық елдің тілдерінде жұмыс істей алатын AI-агенттері бар корпоративтік платформаларға дейінгі жаңа өнімдердің пайда болуына жағдай жасайды”, – деді Алексей Шаравар, QazCode бас директоры.
2025 жылы тағы бір маңызды ынтымақтастық басталды: Beeline Tencent Cloud компаниясымен серіктестік орнатты. Бұл өндірушінің 30-ға жуық ойыны Janymda қосымшасында пайда болды және 2026 жылдың соңына қарай олардың саны 200-ден асады. Қосымша мультисервистік платформаға трансформациялану жалғасын тапты: байланыс пен ойындардан бөлек, мұнда авиабилеттерді сатып алу, коммуналдық қызметтерді төлеу және дәрі-дәрмекке тапсырыс беру қызметтері қосылды.

Холдинг бұлттық инфрақұрылымды құруға инвестиция салды: 2025 жылдың желтоқсанында Beeline Алматыда HyperCloud Solutions жобасының өзегіне айналатын заманауи Hyper Cloud дата-орталығының құрылысын бастады. Бұл орталық деректерді қорғауға арналған сервистері мен шешімдері бар қазақстандық бұлттық платформаға айналады.

Hyper Cloud дата-орталығының алғашқы кірпішін қалау рәсімі
Марапаттар
Beeline Top Employer Kazakhstan сертификатына ие болды. Бұл – Top Employers Institute жыл сайын қызметкерлер үшін ерекше еңбек жағдайын жасаған және үздік HR-тәжірибелерін енгізген компанияларға беретін беделді халықаралық сертификат. Бұл мәртебені алу үшін ұйымдар таланттарды басқару стратегиясы, жұмыс ортасы, оқыту және қызметкерлердің әл-ауқатын қоса алғанда, 20-дан астам бағыт бойынша қатаң тәуелсіз аудиттен өтеді.
Өткен жылғы жеңістердің ішінде QazCode компаниясының ЖИ негізінде қазақ тілін дамыту жобасы ерекше орын алады: KazLLM тілдік моделі GSMA Foundry Excellence Awards 2025 марапатын иеленді.
Еуропалық бизнес-қауымдастықтың жыл сайынғы EUROBAK Award 2025 премиясында Beeline Қазақстан екі номинация бойынша үздік атанды: корпоративтік мәдениетті (Дуерлер мәдениеті) трансформациялағаны үшін "Адам әлеуетін дамыту" номинациясында жеңіске жетіп, Шелек ауылында заманауи ауыл мектебін салу жобасы үшін "Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік" номинациясында екінші орынға ие болды.
Цифрлық өнімдердің статистикасы:
Janymda
2025 жылы қосымшаны 4,5 млн абонент белсенді пайдаланды.
Ойындар каталогының кеңеюі
2025 жылы платформада +39 жаңа ойын іске қосылды. Ойындардың жалпы саны екі есе артып, қазіргі уақытта платформада 81 ойын бар.
Ең танымал ойындар
"Дивандағы ойын" ("Игры на диване") және викториналардың (IQBaige, Swipe, "Гиги үшін шайқас") аудиториясы 500 000 пайдаланушыдан асады (оның ішінде 200 000 адам "Дивандағы ойынды" ойнайды).
Simply
Аудиторияның өсуі
2025 жылы Simply қызметін ай сайын 4 миллион клиент пайдаланды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен бір миллионға артты.
Пайдалану трендтері
Ең көп сауда жасайтын күн – жұма. Ал шығындардың басым бөлігі азық-түлік, такси және фастфудке кетеді.
Сейсенбі – ай сайынғы төлемдер үшін ең көп таңдалынатын күн: аптаның бұл күні клиенттер байланыс қызметін, цифрлық сервистердегі жазылымдарды жиі сатып алып, ақша аударымдарын жасаған.
Пайдалану географиясы
Цифрлық банкті пайдаланушылар арасында ақша аудару үшін ең танымал елдер: Ирландия, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания.
Simply картасымен сауда жасалған ең алыс елдер – Аргентина, Жаңа Зеландия, Бразилия және Аустралия.
BeeTV
Көрермендер саны артты
Сервис сапалы контент көру үшін миллионнан астам отбасының басын қосты, ал қолжетімді арналар саны 240-қа дейін өсті. Бұл ретте Beeline абоненттері Kinopoisk, Netflix немесе IVI-ге қарағанда BeeTV-ді көбірек таңдаған.
Шексіз контент
2025 жылы көрермендер 13,6 миллиард минуттан астам контент тамашалады. Бұл жылға шаққанда 25 мың жылға тең уақыт. Бір пайдаланушының контент көруге жұмсаған рекордтық уақыты – шамамен 500 мың минут. Жыл бойы пайдаланушылар BeeTV-дің мобильді нұсқасын жиі таңдап, контентті смартфон арқылы көру артты.
Пайдаланушылардың таңдауы

Big Data деректері
Оффлайн демалыс туралы айтар болсақ, Beeline абоненттері үшін жылдың басты оқиғасы – бір жерде 14,3 мың абоненттің басын қосқан "Қайрат" – "Реал Мадрид" футбол матчы болды. Салыстырмалы түрде алсақ:

Ең отбасылық мереке Наурыз болды: 876 мың отбасы 5 күнге созылған мерекенің 3 күнін түгелдей бірге өткізген.
Beeline Қазақстан туралы
Beeline Қазақстан – 11,9 млн клиентке қызмет көрсететін және телеком-бизнес пен цифрлық платформаларды біріктіретін елдегі ірі цифрлық операторлардың бірі.
Холдингтің негізгі өнімі – ай сайынғы белсенді пайдаланушыларының саны 4,7 млн адамды құрайтын (2025 жылдың III тоқсанындағы есептілік деректері бойынша) Janymda суперапп қосымшасы. Ол финтех-сервистер мен күнделікті цифрлық қызметтерді біріктіреді. Сондай-ақ цифрлық өнімдер портфеліне BeeTV онлайн-платформасы, hitter музыкалық сервисі, сонымен қатар ай сайын 3,8 млн белсенді пайдаланушысы бар Simply финтех-бағыты және серіктестік цифрлық платформалар кіреді.
Осы жылдың желтоқсан айында холдинг Қазақстанда Starlink ұсынған Direct to Cell технологиясын сәтті сынақтан өткізді. Қызметті коммерциялық негізде іске қосу 2026 жылға жоспарланған.
Қазақстанда декрет төлемдері неге кешігеді және мемлекетте шынымен қаржы жетпей ме?