Қазақстандағы демалыс отандастарымыз үшін күрт қымбаттап кетті

Соңғы жылдары Қазақстанда ішкі туризм қарқынды дамып әрі қымбаттап келеді. Туристер саны жыл сайын артып, әсіресе "посткоронакризистік" кезеңде тұрақты өсім байқалады. Мысалы, 2025 жылдың қорытындысы бойынша орналастыру орындарында қызмет көрсетілген ішкі туристер саны 11%-ға өсіп, 8,7 миллион адамға жетті. Бұл — абсолюттік рекорд. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Соңғы он жылда орналастыру орындарында қызмет көрсетілген ішкі туристер саны шамамен 3 есеге артқан. Бұл ел ішінде саяхаттауға тұрақты сұраныстың қалыптасқанын және қазақстандықтардың тұтынушылық әдеттерінің біртіндеп өзгеріп жатқанының көрінісі. Қазақстандықтар енді ішкі туризмді тек маусымдық болғаннан немесе амалсыздан таңдамайды. Қазақстынның туризмі – шетелге шығудың толыққанды баламасы.
Алайда оның кемшіл тұстары да жоқ емес. Қазақстанда демалу уақыт өткен сайын қымбаттап жатыр.
2026 жылдың наурыз айында Қазақстанда "Демалыс және мәдениет" санатындағы бағалар жылдық есеппен 13,2%-ға өсті. Салыстырмалы түрде осы кезеңдегі жалпы инфляция 11% болса, ақылы қызметтер саласындағы баға өсімі небәрі 10% болған.
Сонымен қатар бұл деректер санат бойынша жалпы жағдайды көрсететінін ескеру қажет, ал оның ішіндегі сегменттерде өсім деңгейі айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін.
- Бассейн абонементтері бір жылда 15,8%-ға артқан;
- Кинотеатр билеттері – 17,5%-ға өскен;
- Театр қызметтерінің бағасы – 41,1%-ға жеткен;
- Қонақүй қызметтері – 9,5%-ға қымбаттаған.
Ал 2020 жылдың желтоқсанынан бергі кезеңді қарастырсақ, бұл санаттағы қымбатшылық 88,3%-ға жеткен.
Осылайша, демалыс пен туризм саласындағы баға жағдайы біркелкі емес. Бұл – саланы кешенді талдауда маңызды фактор. Осы жағдай аясында баға қалыптастырудың түрлі тәсілдерін көрсететін практикалық мысалдардың маңызы артып келеді”, – делінген басылымда.
Мұндай мысалдардың бірі — Oi-Qaragai курорты. Мұнда Қазақстан азаматтарына арналған "Отан" арнайы тарифі енгізілген. Бұл тариф 20% жеңілдікен қарастырып, ішкі туристер үшін демалысты қолжетімді ете алады.
Жаңа шарттар курорттың негізгі қызметтеріне де қолданылады:
• Аспа жолдар;
• Маусымдық және жыл бойғы белсенді демалыс түрлері;
• Тұру (қонақүй) қызметтері.
Қазақстанда декрет төлемдері неге кешігеді және мемлекетте шынымен қаржы жетпей ме?