Сауд Арабиясы кіші қажылыққа виза беруді тоқтатты
Фото: istockphoto.com
Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Мекке әл-Мукаррама мекемесі қажылық маусымына байланысты бірқатар маңызды шектеулер мен талаптарды жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) мәліметінше, қабылданған шаралар қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құлшылықты тыныш әрі реттелген жағдайда өткізу мақсатында енгізілген.
“2026 жылғы 18 сәуірден 31 мамырға дейін "Nusuk" платформасы арқылы умра рұқсаттарын беру уақытша тоқтатылады. 2026 жылғы 18 сәуірден бастап Мекке қаласына қажылық визасынан басқа барлық визалармен кіруге және онда болуға тыйым салынады”, – делінген ҚМДБ хабарламасында.

Аталған талаптарды бұзғандар Сауд Арабиясы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Сауд Арабиясының құзырлы органдары барлық азаматты соның ішінде шетелдіктерді белгіленген тәртіпті қатаң сақтауға және қажылық маусымын қауіпсіз әрі ұйымдасқан түрде өткізуге шақырады.
Еске салсақ, бұған дейін ҚМДБ Таяу ШЫғыстағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, қазақстандықтар қажылыққа қауіпсіз әуе дәліздері арқылы ұшатынын айтқан еді.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"