Қазақстандықтар қажылыққа қауіпсіз әуе дәліздері арқылы ұшады – ҚМДБ

Фото: Unsplash.com
Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы қажылық маусымында қауіпсіздік мәселелеріне баса мән беріп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҚМДБ өкілі, наиб мүфти Кенжетай қажы Дүйсенбай Қазақстанның қажылық миссиясы кез келген төтенше жағдайда дипломатиялық корпуспен және Сауд Арабиясының жауапты мекемелерімен бірлесіп, нақты жоспар бекіткенін хабарлады.
"Қажылардың амандығы – біз үшін ең басты мәселе. Бұл бағытта Сауд Арабиясының құзырлы органдарымен, дипломатиялық өкілдіктермен және әуе компанияларымен тығыз байланыстамыз. Қауіпсіздік шаралары мен ақпарат алмасу тетіктері толық пысықталған. Биыл қажыларымызды Air Astana, SCAT және саудиялық Flyadeal компаниялары тасымалдайды. Ұшақтар Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан Джидда мен Мәдинаға тікелей ұшады”, – деді Кенжетай қажы Дүйсенбай.
Сөзінше, халықаралық талаптарға сай әуе бағыттары үнемі тексеріліп отырады. Ең қауіпсіз дәліздер таңдалғанын айтады. Сондай-ақ Қазақстанның қажылық миссиясы кез келген төтенше жағдайда дипломатиялық корпуспен және Сауд Арабиясының жауапты мекемелерімен бірлесіп әрекет етудің нақты жоспарын бекіткен.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген
