Қазақстанда жер қойнауын игерген компаниялардың табысы мен төлемдері ашық көрсетелмек

Фото: depositphotos.com
Үкімет депутаттардың ірі жер қойнауын игерген компаниялар үшін бірыңғай ашықтық стандарттарын енгізу және жаңа компанияларды міндетті түрде акционерлік қоғам ретінде тіркеу туралы сауалына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін депутаттар қолданыстағы жүйе ақпаратты жариялауда теңсіздік қалыптастыратынын мәлімдеген. Олардың айтуынша, ең ірі өндіруші компаниялар жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) түрінде жұмыс істеп, тек құрылтайшылары алдында есеп береді. Соның салдарынан қоғам мен парламент жер қойнауын пайдалануды толыққанды бақылай алмай отыр.
ОқыңызПремьер-министр Олжас Бектенов саланы цифрландыру мәселені шешетінін айтты. Оның жауабында билік жер қойнауын пайдалану бойынша бірыңғай платформаны мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялауды жоспарлап отырғаны айтылған.
“Атап айтқанда, болашақта өндіруші компаниялар бюджетке төленетін төлемдер, келісімшарт талаптары және табысты бөлу туралы мәліметтерді ашуға міндеттеледі. Өндіруші компаниялардың қызметі туралы ақпаратты ашу қамтамасыз етіледі", – делінген Олжас Бектеновтің жауабында.
Сонымен қатар, Үкімет басшысының мәліметінше, қазіргі талаптардың өзі жер қойнауын пайдалану саласында қажетті ашықтық деңгейін қамтамасыз етеді. Ол сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығы компаниялардың қаржылық және техникалық мүмкіндіктеріне қарай, олардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына шектеу қойылмай берілетінін атап өтті.
Алайда gремьер-министрдің пікірінше, міндетті түрде акционерлік қоғам нысанын енгізу кәсіпкерлік еркіндігін шектеп, инвесторлардың қызығушылығын төмендетуі мүмкін.
Қазақстанда декрет төлемдері неге кешігеді және мемлекетте шынымен қаржы жетпей ме?