Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде мас ер адам кәмелетке толмаған қыздарға тиісіп, жыныстық қатынасқа түсуді ұсынған (видео)

Ер адам мен жасөспірімдерВидеодан скрин

Семейде мас күйдегі ер адам көшеде кәмелетке толмаған қыздарға тиісіп, өзімен жыныстық қатынасқа түсуді ұсынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жасөсірімдер көшеде өздерін мазалаған ер адамның орынсыз әрекетін видеоға түсіріп алған.

"Бейтаныс адам бізге келіп, бізге ішімдік ұсынды. Біз сыпайы түрде бізді жалғыз қалдыруды сұрадық. Содан кейін өзіміз кетіп қалдық, бірақ ол біздің артымыздан жүріп, интимді әңгімелер айта бастады. Ол мас еді. Біз қорқа бастадық, ол біздің қорыққанымызды байқады. Мен ересек адамдарды шақыратынымды айттым, бірақ ол мені елемеді. Мен бірнеше рет кетуін сұрадым, бірақ ол әдепсіз әрекетін жалғастырып, сөйлеп, тіпті досымның қолынан ұстап, әртүрлі әдепсіз сөздер айтты. Полиция бұл жағдайға қатысты шара қолданады деп үміттенемін", – дейді жасөспірім қыздардың бірі.

Абай облыстық полиция департаменті видеоға қатысты тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді. Қыздар полицияға арызданбаған, алайда видео авторлары 17 жастағы қыз бен оның досы анықталып, олар мас күйдегі ер адамның әдепсіз әрекеттерін растаған.

"Бұл дерек Әуезов полиция бөлімшесінде тіркелді. Ер адамның жеке басы анықталды. Оған қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады”, – делінген полиция хабарламасында. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 20 Сәуір, 2026 20:59