Жетімдер баспана ала алмай жүр: Сенатор тұрғын үйді бөлуде заңбұзушылықтарды бақылауды талап етті

Сенатор Андрей Лукин Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтамасыз етуде жүйелі заң бұзушылықтар көп екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сенатор өзінің депутаттық сауалында осы мәселені көтерді. Айтуынша, баспана берудегі негізгі мәселе кезекте тұрғандар арасында бөлу сатысынан байқалады. Қазір 60,9 мыңнан астам жетім бала тұрғын үй кезегінде тұр. Оның 43 мыңнан астамы кәмелетке толған. Сенатордың айтуынша, кезек қысқармай отыр. Заңдағы квоталар да сақталмаған. Үйдің 70%-ы басым санаттарға, 20%-ы жетімдерге берілуі тиіс болған. Бірақ бұл талаптар көп өңірде орындалмай жатыр.
"Соңғы жылдары тұрғын үйді бөлу талапқа сай емес екені анықталған. Қазақстанда берілген 60 мыңға жуық үйдің тек шамамен 7 мыңы ғана жетім балаларға тиген (бар болғаны 11,8%). Мәселені қиындатып отырған тағы бір жайт, балалар үйіндегі кәмелетке толмағандар кезекке ерте тұрады. Бірақ олар кәмелетке толмайынша үй ала алмайды. Соның салдарынан есейіп шыққан түлектер баспанасыз қалып жатады. Нәтижесінде жетім балаларға басымдық берілмей, үйлер көбіне басқа санаттағы адамдарға өтіп кетеді", – деді Андрей Лукин.
Балалар үйлерін бітірген жастарды баспанамен бірінші кезекте қамту заңмен нақты реттелмеген. Сондай-ақ, кезекке қоюдан бастап үй бөлінгенге дейінгі процесс толық цифрланбаған.
ОқыңызСенатордың айтуынша, бұл – заңның дұрыс қолданылмауын, жауаптылардың салғырттығын және өңірлерде бақылаудың әлсіз екенін көрсетеді.
"Жетім балаларды баспанамен қамту үшін арнайы жол картасын әзірлеу ұсынылды. Сондай-ақ, балалар үйінен шыққан жастарға тұрғын үй алуда басым құқық беру үшін заңға өзгерістер енгізу қажет. Бұдан бөлек, кезек пен үй бөлуді толық цифрландырып, барлық жүйені біріктіру және бұл процесті орталықтан бақылау керек. Сонымен қатар, заң бұзған жауапты тұлғалардың жауапкершілігін күшейтіп, тұрғын үй бөлуді ашық етуді ұсынамын", – деді сенатор.
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты