Зеренді жылу құбырында апат болды
Ақмола облысының Зеренді ауданында жылу құбырында апат болып, 466 абонент жылусыз қалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Зеренді ауданындағы жылу құбырының 200 метрден астам металл конструкциясы құлап кеткен.
"Апаттың салдарынан 466 абонент жылусыз қалды. Бүгін кешке дейін абоненттер жылу қазандығына қосылады. Қазір кезде мамандар апаттың себептерін анықтап жатыр. Жылу құбырының құлаған учаскесін қалпына келтіру жұмыстары мердігер ұйыммен шарттық міндеттемелер шеңберінде жүргізіледі. Мәселе жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - делінген хабарламада.
Н.Сац атындағы театр нысанының қазіргі көрінісі алғашқы эскизге сәйкес келмейді: Жоба нобайы не себепті өзгертілді
Урбанист: "Қасбетке елеулі өзгеріс енгізілсе, жоба қайта келісілді деген сөз"
Қазақстан электр тапшылығына дайын ба: Алматыдағы жарықтың жаппай өшуі нені көрсетті?
Маман: "Жарық өшсе қаланың қалыпты өмірін қанша уақыт сақтап қала аламыз"