Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жерден алып, жерге салып жатыр": Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген Қажет Смағұл мәлімдеме жасады

Қажет Смағұл үйленді
Фото: instagram.com/kajet_smagul

Жақында өзінен 25 жас кіші қызға үйленгенін жариялаған танымал актер Қажет Смағұл жаңа мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, жеке өміріне қатысты жаңалығы қазақстандықтардың пікірін екіге жарғанын айтты.

“25 жас деп бір жазба салып едім, Қазақстан екіге бөлініп кетті. Жерден алып, жерге салып жатқандар бар. “Жарайсың, қолынан келсе алып көрсін” деп құттықтап жатқандар да бар. Әйелімнің суретін салайын ба деп ойлағанмын. Бірақ мынадай негативтен кейін көңілі түсіп қала ма деп ойлап отырмын”, – деді актер.

Мән-жайы

Еске салайық, бұған дейін танымал актердің өзінен 25 жас кіші қызға үйленгені хабарланған еді. Ол мешіт алдында түскен суреттерін және неке куәлігін жариялап, жеке өміріне қатысты жаңалықты меңзеген болатын.

“Көп адам сезіп жүрген шығар… Өзімнен 25 жас кіші… Жүрегім тыныш, көзім бақытты… Қалғанын кейін айтамын. Әзірге бәрін айтпай-ақ қояйын”, – деп жазған еді актер.

Дегенмен көпшіліктің назарын оның жеке жаңалығынан бөлек, жарының жасы да аударған.

“Қызымен дерлік жасты, педофил ме немене”, “Қасқа, қыздың мұндай қадамға баруына не түрткі болды екен”, “Қазіргі еркектердің көзі қарайған, қызымен жас қыз алып, ана қыз атағы үшін тиген шығар”, – деп жазды олар.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 27 Мамыр, 2026 20:21