Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жақында үшінші рет шаңырақ көтерген актер Әбілмансұр Серіков қызды болады

Әбілмансұр Серіков жарымен
Фото: instagram.com/serikovmansur

Жақында үшінші рет шаңырақ көтерген танымал актер Әбілмансұр Серіков пен жары сәби күтіп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнерлі отбасы жақын достарымен бірге гендер пати жасаған. Кадрларды өнер иесінің жары Гүлия Ұзақбаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, “Жылдың ең басты тосынсыйы” деп жазған.

“Бізде бүгін мереке, қуанышты күн. Мұндай дүниені алғаш рет жасап жатырмыз. Ал шақалақ, көтентай. Мен ұл деп ойлаймын, біз қыз болғанын қалар едім”, – деді актер видеода.

Актер мен жары видеода болашақ сәбилерінің жынысын көрсетті. Олар жақында қызды болады.

Айта кетейік, Әбілмансұр Серіков – қазақстандық театр және кино актері. Ол танымал актер Әбунасыр және актриса Лиза Серіковтердің отбасында дүниеге келген.

 Әбілмансұр Серіктовтың алғашқы отбасынан екі ұлы бар. Актер экс-әйелі Фариза Ещановамен студенттік шақта танысып, отау құрған, алайда 2018 жылы ажырасып кетті. Бірінші жұбайы театр және кино актрисасы, сонымен қатар вокалдан сабақ берді. Өнер иесінің екінші жары – Ақмарал Танабаевада өнерден алыс емес, олар Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы театрда бірге қызмет етіп, бірнеше қойылымда бой көрсеткен. Олар 2020 жыл басында үйленіп, кейін жолдары екіге айырылды. Әртістердің ортақ екі ұлы бар.

Балнұр Рахматуллақызы
Сенбі, 02 Мамыр, 2026 20:10