Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жүрегім тыныш, көзім бақытты": Актер Қажет Смағұл өзінен 25 жас кіші қызға үйленді

Қажет Смағұл үйленді
Фото: instagram.com/kajet_smagul

Танымал актер Қажет Смағұл шаңырақ көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның жазбасына қарағанда, келіншегі актерден 25 жас кіші.

“Көп адам сезіп жүрген шығар. Өзімнен 25 жас кіші. Жүрегім тыныш… көзім бақытты… Қалғанын кейін айтамын. Әзірге бәрін айтпай-ақ қояйын”, – деп жазды актер.

Актердің қуанышын өнердегі әріптестері мен оқырмандары жылы қабылдап, ақ тілектерін жаудырып жатыр. Дегенмен көпшіліктің назарын оның жеке жаңалығынан бөлек, жарының жасы да аударған.

“Қызымен дерлік жасты, педофил ме немене”, “Қасқа қыздың мұндай қадамға баруына не түрткі болды екен”, “Қазіргі еркектердің көзі қарайған, қызымен жас қыз алып, ана қыз атағы үшін тиген шығар”, “Пранк болса деп армандаймын, әйтпесе әкесімен жасты еркек қой”, “Жап жас болып, шалды не істемекші”, “Кәрі шал, ұялмайсың ба?” – деп жазды олар.

Балнұр Рахматуллақызы
Жексенбі, 24 Мамыр, 2026 20:05