Әбілмансұр Серіков үшінші рет шаңырақ көтерді

Танымал актер Әбілмансұр Серіков үшінші рет үйленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қуанышты жаңалықты актердің жары Гүлия Ұзақбаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол актермен бірге суретін жүктеген.
“Өмірімнің жаңа парағы”, – деп жазды ол.
Оқырман қауым мен әріптестері жас жұбайларға жылы лебіздерін жаудырып жатыр.
"Дос-Мұқасандағы" рөлім үшін тырнап алды": Әбілмансұр Серіков танымал болудың қиындығын баяндады
"200 теңге үшін әкемнен оңбай таяқ жедім": Әбілмансұр Серіков әкесінің қатал тәрбиесі туралы айтты
Айта кетейік, Әбілмансұр Серіков – қазақстандық театр және кино актері. Ол танымал актер Әбунасыр және актриса Лиза Серіковтердің отбасында дүниеге келген.
Әбілмансұр Серіктовтың алғашқы отбасынан екі ұлы бар. Актер экс-әйелі Фариза Ещановамен студенттік шақта танысып, отау құрған, алайда 2018 жылы ажырасып кетті. Бірінші жұбайы театр және кино актрисасы, сонымен қатар вокалдан сабақ берді. Өнер иесінің екінші жары – Ақмарал Танабаева да өнерден алыс емес, олар Астанадағы Қ. Қуанышбаев атындағы театрда бірге қызмет етіп, бірнеше қойылымда бой көрсеткен. Олар 2020 жыл басында үйленіп, кейін жолдары екіге айырылды. Әртістердің ортақ екі ұлы бар.
Еске салайық, бұған дейін актер Әбілмансұр Серіковтің экс жұбайы жеке өмірінен сыр шерткені хабарланған еді.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды