Зеленский: Үшінші дүниежүзілік соғыс басталып кеткен де шығар
Украина президенті Владимир Зеленский Американың NBC арнасына берген сұхбатында АҚШ президенті Джо Байденнің үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуына қатысты күдігіне пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жүргізуші: "Джо Байден үшінші дүниежүзілік соғысқа алып баруы мүмкін арандатулардан қорқатынын ашық айтты. Оның қорқынышымен келісесіз бе?" - деп сұрады.
"Ешкім білмейді, ол басталып та кеткен шығар. Егер Украина құласа, ол соғыстың болу ықтималдығы қандай? Айту қиын.
Соғыс пен басқа да трагедиялардың қашан басталып, қашан аяқталатынын ешкім айта алмайды. Ал қазіргі жағдайда бүкіл адамзаттың тағдыры сарапқа салынуда", - деді Зеленский.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған