Ұлыбританияда ер адам жолбарыстың қоршауына секірген, ал оны жыртқыш жануар талап өлтірді
Ұлыбританияның Йоркшир қаласында жігіт хайуанаттар бағында жолбарыс қоршауына секіріп кеткен. Оны Амур жолбарысы талап өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға кезінде ер адам қоршаудан асып түсіп, жыртқыш жүрген аумаққа кірген. Салмағы шамамен 190 келі болатын Алтай есімді жолбарыс оған шабуыл жасап, ауыр жарақат салған.
Оқиға орнына жеткен хайуанаттар бағының қызметкерлері жолбарысты үркіту үшін акустикалық қарудан бірнеше рет дыбыс шығарған. Кейін келген медицина қызметкерлері ер адамның өмірін сақтап қала алмады. Ол алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Жолбарыс зардап шеккен жоқ. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Мәліметке сәйкес, қаза тапқан жігіт шамамен 20 жаста болған. Қайтыс болардан аз уақыт бұрын ол саябаққа келген басқа бір адамнан өзін амур жолбарысымен бірге суретке түсіріп беруді сұраған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда араға 70 жыл салып алғаш рет Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілгені туралы жазған едік
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
