Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда ұшақ салонында пауэрбанк өртеніп, әуе кемесі шұғыл қонуға мәжбүр болды

Ұшақ пауэрбэнк өрт
Фото: Видеодан скрин

Үндістанның IndiGo әуе компаниясының Делиден Ченнайға ішкі рейсті орындап келе жатқан 6E 6115 рейсінің салонында пауэрбанк өртеніп, Хайдарабад қаласына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Indian Express газетіне сілтеме жасап хабарлады.

"IndiGo әуе компаниясының Делиден Ченнайға бағыт алған рейсі жолаушылардың бірінің пауэрбанкі әуеде өртенгеннен кейін Хайдарабадтағы Раджив Ганди атындағы халықаралық әуежайға бағытталды", – делінген басылым хабарламасында.

Басылымның хабарлауынша, бортсеріктер өртті сөндірді.

Әуе компаниясының мәліметінше, борттағы жағдай бақылауға алынып, ұшақ әуежайға аман-есен қонған. Жолаушылардың Ченнай қаласына жетуі үшін қосымша ұшақ ұйымдастырылды. Сондай-ақ оқиғаға байланысты рейс кестесінің бұзылуына орай жолаушыларға тамақ беріліп, қажетті ақпарат ұсынылған.

Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 12 Қазан, 2026 08:32