Павлодарда сөмкедегі пауэрбанк жарылып, блогер ауыр күйік алды

Павлодарда фитнес-клубтан шықпақ болған қазақстандық блогердің сөмкесіндегі пауэрбанк жарылып, оны жалын шарпыды. Салдарынан қыз ауыр күйік алып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Павлодар қаласындағы фитнес-клубта жаттығудан кейін болған. Диляраның айтуынша, үйіне қайтуға дайындалып жатқан кезде оның сөмкесінен кенет қою түтін шыға бастаған. Қыз түтінді бірден байқамаған. Ал сөмкені шешуге әрекет жасаған сәтте пауэрбанк жарылып кеткен.
Жарылыстан кейін қызды жалын шарпып, салдарынан оның басы мен қолдары қатты күйген. Фитнес-клуб қызметкерлері дереу көмекке ұмтылғанымен, өртті толықтай сыртқа шыққан соң ғана сөндіре алған.
ОқыңызЗардап шеккен блогер ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның күйіктерін ауыр деп бағалап отыр және сауығып шыққаннан кейін денесінде тыртықтар қалуы мүмкін екенін ескерткен.
"Трендті ұстап тұрған әже": Желіде немересімен видео түсірген 86 жастағы кейуана қазақстандықтарды сүйсіндірді
Немересі: "Әжем өзінің танымал екенін әлі білмейді"
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген