Зеленский Трамптың мәлімдемесінен соң өз орнын босатып, сайлау өткізуге бір шартпен келісті
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей 60 күнге толық атысты тоқтатуға келіскен жағдайда елде президент сайлауын өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Ол бұл ұсынысты АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинаға жаңа көшбасшы қажет деген пікіріне жауап ретінде айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Украина басшысы бұл туралы АҚШ-тың ABC телеарнасындағы This Week бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Зеленскийдің сөзінше, егер АҚШ президенті шынымен өзгерістерге қол жеткізгісі келсе, Ресей басшысымен сөйлесуі керек.
"Путинге жеткізіңіздер, бізге екі ай, яғни 60 күн толық атысты тоқтату режимін берсін. 60 күн берсе, біз сайлау өткіземіз", — деді ол журналист Джонатанға.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға келісімдер жасай алатын жаңа көшбасшы қажет екенін айтқан болатын.
Ал The Wall Street Journal басылымы Трамп пен Зеленский арасындағы қарым-қатынас соңғы бір жарым жылдағы ең төменгі деңгейге жеткені туралы мақала жариялады.
Еске салсақ бұған дейін Дональд Трамп Владимир Зеленскийдің президенттік қызметінен кететін уақыты келгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Украина басшысы соғысты аяқтау туралы келісімге бірнеше рет келе алатын еді, бірақ бұл мүмкіндікті пайдаланбаған. Сонымен қатар Трамп Киевтен Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы беруді тоқтатуды талап етті. Ол мұндай шабуылдарды жанармай бағасының өсуімен байланыстырды.
11 қазандағы мәлімдемесінде АҚШ президенті Ресей мен Украина энергетикалық нысандарға шабуыл жасамау туралы уағдаласты деп хабарлады. Оның сөзінше, екі тарап та бір-бірінің энергетикалық нысандарына соққы беруді дереу тоқтатуы керек.
Алайда Зеленский бұл келісімнің нақты шарттарынан әзірге хабарсыз екенін айтты. Ол Ресей де шабуылдарын тоқтатқан жағдайда энергетикалық бітімді қолдауға дайын екенін жеткізді. Ал Мәскеу тарапынан толыққанды келісімге келгенін растайтын мәлімдеме әзірге жасалған жоқ.
Қазақстандық бір кездері бәліш сатып, бүгінде жасанды интеллект көмегімен миллиондаған табыс тауып отыр
