Зеленский: Украинаның НАТО-ға кіре алмайтынын мойындауымыз керек
Украина президенті Владимир Зеленский елдің НАТО-ға кірмейтіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Біріккен экспедициялық күштердің құрамына кіретін мемлекеттер басшыларының онлайн отырысында Украина басшысы Украинаның НАТО-ға мүше бола алмайтынын баса айтты.
"Біз адекватты халықпыз және бұл ұйымға кіре алмайтынымызды түсінеміз. Жылдар бойы біз ашық есік туралы естіп келдік. Алайда ол есікке кіре алмайтынымызды білеміз. Бұл шындықты мойындау керек. Біздің халқымыз тек өзімізге және тілеулестерімізге ғана сенуге болатынын мойындап отыр", – деді Зеленский.
Бұған қоса, Украина президенті НАТО-ны Украинаның үстінен ұшуға тыйым салынған аймақ құруға шақырды. Ол бұл шараның салдарын Киев жақсы білетінін айтты.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген