Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зеленский Ресеймен серіктестік орнатқандар үшін қылмыстық жаза енгізді

Енді Украинада Ресеймен серіктестік орнатқандар түрмеге қамалады. Жоғарғы Рада төрағасының орынбасары Александр Корниенконың мәліметінше, мұндай заңға ел президенті Владимир Зеленский қол қойға, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

Зеленский

Ресеймен серіктестік үшін жауапқа тарту туралы заңға мемлекет басшысы қол қойған және алдағы уақытта заң ресми жарияланады. Құжатқа сәйкес, "басқыншы елмен" серіктестік орнатқандар 15 жылға дейін қамалады. 



Александр Корниенконың сөзінше, Ресейдің арнайы операциясы басталған уақыттан бері 20 парламент депутаты Украинадан кетіп қалған. Оларға Ресеймен серіктес болғаны үшін заңда көрсетілген ең жоғарғы жаза қолданылуы керек екен. 

Қылмыстық кодекске енгізілген өзгеріс серіктестік орнатқан саяси партиялар мен заңды тұлғаларды жабуға мүмкіндік береді. Бұған дейін Зеленский Украинадағы соғыс режимін 30 күнге ұзартуды ұсынған. 

Айта кетейік, Зеленский Украина мен Ресейдің бейбіт келісімге келетін уақытын атаған еді. Сөзінше, келісімге ең ұзақ дегенде мамыр айында қол жеткізуге болады. 

Талқылау