Зеленский: Ресей мені басты нысаналарына алды
Украина президенті Владимир Зеленский 25 ақпанда кезекті бейнеүндеу жариялап, өзінің Киевтен кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зеленский отбасының қазір мемлекет астанасында екенін, алайда қауіпке байланысты нақты қай жерде екенін айта алмайтынын мәлімдеді.
Мемлекет басшысының сөзінше, арнайы қызмет Киевке диверсанттар тобының кіріп кеткенін мәлімдеген.
"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, жауымыз мені басты нысаналарына алды, ал отбасым екінші орында тұр. Олар президенттің көзін жою арқылы Украина саяси тұрғыдан құлатпақшы", – деп қосты Зеленский.
Айта кетейік, бұған дейін Зеленский елде жалпы мобилизация енгізген еді. Бұдан кейін Байден арнайы сөз сөйлеп, Ресеге қарсы санкицяларды жариялаған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі