Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тек делдал арқылы": Зеленский Путинмен қандай жағдайда келіссөз жүргізуі мүмкін екенін айтты

Украина президенті Владимир Зеленский Philadelphia Inquirer басылымына берген сұхбатында Путинмен келіссөздер жүргізуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/V_Zelenskiy_official/russian_kremlin

Владимир Зеленский бұған дейін Ураина заңнамасына сәйкес мұндай келіссөздер болмайтынын бірнеше рет айтқан еді. Оның айтуынша, Кремльмен келіссөз жүргізудің бір ғана жолы бар. Бұл – “астық дәлізіне” тартылған делдалдармен үшжақты келісім жүргізу. 

“Бұл модель Украина Ресеймен емес, БҰҰ және Түркиямен келіссөздер жүргізген кезде астық дәлізі мысалында алғаш рет қолданылды. Олар бізбен келіссөздер жүргізіп, кейін Ресей Федерациясымен тиісті келісімге қол қоюды өз мойнына алды. Солай болды: БҰҰ мен Түркия арасында екіжақты келісім орнады”, – дейді Украина президенті.



Зеленскийдің айтуынша, басты міндет – Украинаның және ондағы барлық украиндықтардың жойылып кетуіне жол бермеу және Украина халқының қазіргі және болашақ ұрпақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

“Экономикалық қауіпсіздік бұл – Украинаның Еуропалық Одаққа мүше болуы. Украина НАТО-ға да мүше болу керек. Өйткені онсыз оның елге үлкен қауіп-қатер төнуі мүмкін”, – дейді Зеленский. 

Бұған дейін Путин Украина НАТО-ға кіруден бас тартса соғысты тоқтататынын мәлімдеген еді. 

Талқылау