Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зеленский Путинмен тікелей келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді

Зеленский Путин келіссөз
Фото: president.gov.ua

Украина президенті Владимир Зеленский соғысты тоқтату мақсатында Ресей басшысы Владимир Путинмен тікелей келіссөздер жүргізуге дайын екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Украинская правда” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Зеленский бұл мәлімдемені 3 маусымда НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рюттемен өткен баспасөз мәслихатында айтқан.

"Біз келіссөз жүргізушілерімізге қатысты америкалық тараппен тұрақты байланыстамыз. Біз келіссөз тобының келуін күтіп отырмыз, бірақ менің ойымша, бұл өте ұзаққа созылып жатыр. Өкінішке қарай, АҚШ үшін Украина қазір басты назарда емес – олар үшін бірінші орында Иран мәселесі тұр. Өкінішке қарай, біз осы соғыстардың кезегінде қалып отырмыз", – деді Зеленский.

Владимир Зеленский АҚШ қақтығысты реттеуде маңызды рөл атқара алатынын атап өтті. Оның айтуынша, Киев келіссөз процесіне АҚШ пен Еуропаның қатысуын қолдайды.

"Біз кез келген форматты қолдаймыз және мен бұл соғысты аяқтау үшін Владимир Путинмен тікелей келіссөздер жүргізуге дайынмын. Әлемдегі барлық қақтығыстар аяқталғанша кезек күткеннен гөрі, бұл соғысты тезірек тоқтату керек", – деп түсіндірді ол.

 Бұған дейін Владимир Путин өзінің жуырдағы Украинадағы соғысқа қатысты "іс аяқталуға жақын" деген мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берген еді. Айтуынша, ұрыс даласында Ресей әскерлері "барлық бағыт бойынша шабуыл жасап жатқан" көрінеді. 

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 04 Маусым, 2026 08:51