Минскіде Гелендваген тізгіндеген қазақстандық бүкіл қаланың назарын аударды (видео)
Беларусь астанасы Минскіде Mercedes G-Class көлігін тізгіндеген 32 жастағы қазақстандық әйел жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері әйелдің екі жасар баланы алдыңғы орындықта балаларға арналған арнайы орындықсыз тасымалдағанын анықтаған.
Бұған дейін бұл Гелендваген Threads желісінде жарияланған жазбадан кейін қызу талқыға түскен еді. Минск тұрғыны тротуарда тұрған қазақстандық нөмір тағылған көліктің фотосын жариялап:
"Құрметті қазақтар, Минскіде қонақта жүргендер, бізде көлік бұлай қойылмайтынын жеткізіңіздерші", – деп жазған.

Жазба желі қолданушылары арасында тез таралып, қызу талқыланды.
Кейінірек дәл осы көліктің "Замок" сауда орталығының аумағында, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тұрақ орнында тұрғаны байқалған.
Анықталған барлық құқық бұзушылық бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Еске салсақ, бұған дейін Атырауда шетелдік нөмірлі көліктерге жаппай тексерістен кейін жүргізушілер бас көтергені туралы жазған едік.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
