Жұмыс берушілер қызметкерлерге скринингтен өту үшін уақыт беруге міндеттеледі: Тоқаев заңға қол қойды

Тоқаев еңбек заңнамасына қатысты түзетулерді мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.
Құжатқа сәйкес, жұмыс берушілер қызметкерлерге жалақысы мен жұмыс орнын сақтай отырып, скринингтен өту үшін уақыт беруге міндеттеледі. Медициналық ұйымдар цифрлық қызметтер арқылы компанияларды қызметкерлердің тексеруден өту қажеттілігі туралы хабардар етеді. Осыдан кейін басшылар қызметкерді скринингтен өту үшін жұмыстан босатуы қажет.
Сонымен қатар түзетулер қызметкерлердің еңбек саласындағы жеке өмірін қорғау, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу құқығын бекітеді.
Түзетулердің жеке бөлігі әлеуметтік әріптестікке қатысты. Өңірлік деңгейде еңбек қатынастарына қатысушы тараптардың өзара іс-қимылы күшейтіліп, келісімдердің орындалуы туралы есептерді тыңдау міндеті енгізіледі.
Сондай-ақ жаңа заң жұмыс орындарындағы қауіпсіздік талаптарын күшейтеді. Кәсіпорындардағы ішкі бақылау аясында еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспекторлардың өкілеттіктері кеңейтіледі.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтарға скринингтен өту үшін 3 күндік демалыс беріліп, жалақысы сақталатыны туралы жазған едік.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Оқыңыз