Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті: Ресей бітім жариялауға дайын

Ресей Украина бітім Трамп

Фото: putin.kremlin.ru/Getty Images

Ресей Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Ресей президенті Жеңіс күніне орай бітім жариялағысы келетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Кремльге сілтеме жасап хабарлайды. 

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков әңгіме Ресей тарапының бастамасымен өткенін айтты. Сондай-ақ екі елдің президенті бір жарым сағаттан астам уақыт сөйлескен.

"Владимир Путин америкалық әріптесіне Жеңіс күні мерекесіне орай уақытша бітім жариялауға дайын екенін айтты. Дональд Трамп бұл бастаманы белсенді түрде қолдады", – деді Юрий Ушаков.

Ал Дональд Трамп Reuters агенттігінің хабарлауынша, Владимир Путинмен әңгіме барысында Украинадағы атысты тоқтату мүмкіндігін талқылағанын айтқан. Сондай-ақ ол бұл нәрсе Путиннің қолынан келетінін атап өтті. Трамп Путинмен арадағы әңгімеге “жақсы” деген баға берді. 

Бұған дейін Путин православиялық Пасха мерекесінің жақындауына байланысты соғысты уақытша тоқтатып, бітім жариялаған еді. Ресей Федерациясы президентінің шешіміне сәйкес, бітімгершілік 11 сәуір сағат 16:00-ден бастап 12 сәуір аяғына дейін жалғасты. 

Кейін Владимир Зеленский де жарияланған бітімге қатысты жауап берді.

“Украина Ресейдің барлық әрекетін айна қатесіз қайталауға дайын екенін бірнеше рет мәлімдеді. Биыл біз Пасха мерекесі кезінде атысты тоқтатуды ұсындық және соған сәйкес әрекет етеміз. Пасха қауіп-қатерсіз және бейбітшілікте өту керек. Пасхадан кейін де Ресейдің шабуылды бастамауға мүмкіндігі бар”, – деп мәлімдеді Зеленский.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026 08:12