Зарина Дияс ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жарысын жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияда өтіп жатқан ITF W75 турнирінің алғашқы кезеңінде жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Instagram.com/zarinadiyas
Жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа қайта оралған Зарина Дияс Жапонияда өтіп жатқан ITF W75 турнирін сәтті бастады. Курумидегі турнирдің алғашқы айналымында отандасымыз әлемнің 410-ракеткасы, 24 жастағы Сакура Хосогимен сынға түсіп, үш сетте 6:4, 3:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Тартысқа толы өткен матч 2 сағат 25 минутқа созылды. Енді Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін әлемнің 214-ракеткасы, таиландтық 21 жастағы Мананчэйа Савангкаевпен таласады.
Айта кетейік, әлемнің бұрынғы 31-ракеткасы иығынан алған жарақатқа байланысты ұзақ уақытқа спорттан қол үзіп, жарыстарға қатыса алмаған еді.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"

