Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Луина екінші сәбиін дүниеге әкелді

Luina күйеуімен
Фото: Instagram.com/luinaofficial/

Қазақстандық танымал әнші Луина екінші сәбиін дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші Instagram парақшасында екінші баласын босану сәтінене бірнеше сурет жариялады.

Сондай-ақ жаңа туған ұлына Дени есімін қойғанын айтты.

Қуанышты хабарды естіген өнердегі әріптестері, достары мен тыңдармандары әншіні құттықтап, сәбиге зор денсаулық, отбасына амандық тіледі.

Айта кетейік, биыл мамыр айында Луина аяғы ауыр екенін көпшілікке жариялаған еді. Кейін арнайы кеш ұйымдастырып, ұл күтіп жүргенін хабарлады.

Әнші жолдасы Артем Обуховпен бірге 2020 жылғы тамызда дүниеге келген тұңғыш ұлы Давидті тәрбиелеп отыр.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 16 Қазан, 2026 18:01